Skip to main content

Аукционды нақты уақыт режимінде өткізу

Электрондық аукцион екі немесе одан да көп Әлеуетті сатып алушылардан аукционға қатысуға өтінімдер қабылданған жағдайда өткізіледі.

Аукцион басталған уақытта өтінімдері қабылданған Әлеуетті сатып алушылардың (бұдан әрі – аукционға қатысушылар), сондай-ақ Аукцион порталындағы Уәкілетті өкілдің аукцион залына бару мүмкіндігі бар. Сенімгер басқарушының аукцион залында сауданың барысын бақылауға ғана мүмкіндігі бар.

Электрондық аукцион сенімгерлік басқарушы белгілеген аукцион басталған күннің сәтінде басталады.