# Аукционды нақты уақыт режимінде өткізу

#### Электрондық аукцион екі немесе одан да көп Әлеуетті сатып алушылардан аукционға қатысуға өтінімдер қабылданған жағдайда өткізіледі.

#### Аукцион басталған уақытта өтінімдері қабылданған Әлеуетті сатып алушылардың (бұдан әрі – аукционға қатысушылар), сондай-ақ Аукцион порталындағы Уәкілетті өкілдің аукцион залына бару мүмкіндігі бар. Сенімгер басқарушының аукцион залында сауданың барысын бақылауға ғана мүмкіндігі бар.

#### Электрондық аукцион сенімгерлік басқарушы белгілеген аукцион басталған күннің сәтінде басталады.