Skip to main content

Мен қандай негізде төлеуім керек?

 Пайдаланушы келісіміне қол қоя отырып, пайдаланушы Портал Ережелерін сақтауға және өзінің төлем міндеттемелерін орындауға міндеттенеді:

1. E-SAUDA электронды сауда порталы бойынша ПАЙДАЛАНУ КЕЛІСІМДЕРІ

2.3.      Осы Келісімге қол қою арқылы пайдаланушы Порталға қатысушының атынан осы Келісімді тіркеу және оған қол қою әрекетімен, https://e-sauda.com мекенжайы бойынша орналасқан Жария офертамен танысқанын және жүзеге асырғанын растайды, сондай-ақ Порталды (https://e-sauda.com) пайдалану қағидаларын, пайдалану шарттарын (https://e-sauda.com) сақтауға келіседі және міндеттенеді.

2.4.      Осы Келісімге қол қою арқылы пайдаланушы Портал қатысушысы атынан Портал тарифтерімен танысқанын растайды және алынған қызметтерді қолданыстағы тарифтерге (https://e-sauda.com) сәйкес төлеуге міндеттенеді.

2.5.      Осы Келісімге қол қою арқылы пайдаланушы Порталға қатысушының атынан оператордың өз қалауы бойынша және пайдаланушының келісімінсіз қағидаларды (https://e-sauda.com), пайдалану шарттарын (https://e-sauda.com) , портал тарифтерін (https://e-sauda.com) жаңартатынымен танысқанын және онымен келісетінін растайды, олар Порталда жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

2. «E-SAUDA.COM» электрондық сауда-саттық порталына қол жеткізу қызметтерін ұсыну туралы жария ОФЕРТА*

1.15.    Сыйақы – жасалған шартқа және/немесе жария офертаға сәйкес лицензияны және/немесе Портал қызметін пайдаланғаны үшін сатушының операторға төлеуіне жататын комиссиялық немесе абоненттік төлем.

1.16.    Абоненттік төлемҚатысушы Операторға белгіленген уақыт кезеңі үшін алдын ала төлеммен төлейтін Портал қызметтерінің белгіленген көлемін пайдаланғаны үшін ақшалай қаражат.

1.17.    Комиссиялық алым тауарды Портал сервистері арқылы өткізу/сату кезінде Портал операторы сатушыдан алатын қызметтер үшін ақшалай қаражат, қызметті ұсыну сәтінде Порталдың қолданыстағы тарифтеріне сәйкес анықталады.

1.18.    Порталды пайдаланғаны үшін комиссия (мәміле үшін комиссия) – Портал операторы Портал сервистері арқылы табысты деп танылған аукцион аяқталған кезде сатып алушыдан алатын портал қызметтері үшін ақшалай қаражат қызметті ұсыну сәтіндегі Порталдың қолданыстағы тарифтеріне сәйкес айқындалады. Аукцион өтті деп танылғаннан кейін Оператор порталға қатысушылар арасында одан әрі мәміле жасау үшін және оның заңдылығы үшін жауапты болмайды.