Skip to main content

Тендерлік құжаттама және кепілдік жарнаны енгізу шарттары.

Тендерлік құжаттамада мыналар болуы керек:

1) тендерді ұйымдастырушы және өткізілетін тендер туралы мәліметтер:

         а) тендерді ұйымдастырушының толық атауы;

         б) пошталық және электрондық мекенжайы, байланыс деректері;

         в) кепілді жарналарды енгізу шарттары мен алушының банктік деректемелері;

2) қатысушылардың конкурстық өтінімінің мазмұны мен ресімделуіне және онымен бірге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар;

3) тендерге қатысу үшін кепілдік жарналарды енгізу тәртібін;

4) тендер өткiзудiң шарттары мен тәртiбi;

5) тендер нәтижелерін ресімдеу тәртібі;

6) мүліктік жалдау шарттарын жасасу тәртібі;

7) жалдау ақысының айлық базалық ставкаларын және баға ұсыныстарын есептеу тәртібі;

8) техникалық ерекшелік, онда мыналар көрсетіледі:

        а) тендер объектілері (лоттар);

        б) тендерлік объектілердің сипаттамалары, орналасқан жері;

        в) мүлiктiк жалдау мерзiмi және мүлiктi жалдау ақысының айлық базалық мөлшерлемесiнiң мөлшерi;

        г) кепілдік жарнаның мөлшері;

        д) әлеуетті жалға алушыға және/немесе мүліктік жалдау кезіндегі әлеуетті жалға алушының қызметіне қойылатын талаптар (біліктілік талаптары);

       е) жалға беруші ретінде әрекет ететін тұлға.