# Тендерлік құжаттама және кепілдік жарнаны енгізу шарттары.

#### Тендерлік құжаттамада мыналар болуы керек:

#### 1) тендерді ұйымдастырушы және өткізілетін тендер туралы мәліметтер:

####  а) тендерді ұйымдастырушының толық атауы;

####  б) пошталық және электрондық мекенжайы, байланыс деректері;

####  в) кепілді жарналарды енгізу шарттары мен алушының банктік деректемелері;

#### 2) қатысушылардың конкурстық өтінімінің мазмұны мен ресімделуіне және онымен бірге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар;

#### 3) тендерге қатысу үшін кепілдік жарналарды енгізу тәртібін;

#### 4) тендер өткiзудiң шарттары мен тәртiбi;

#### 5) тендер нәтижелерін ресімдеу тәртібі;

#### 6) мүліктік жалдау шарттарын жасасу тәртібі;

#### 7) жалдау ақысының айлық базалық ставкаларын және баға ұсыныстарын есептеу тәртібі;

#### 8) техникалық ерекшелік, онда мыналар көрсетіледі:

####  а) тендер объектілері (лоттар);

####  б) тендерлік объектілердің сипаттамалары, орналасқан жері;

####  в) мүлiктiк жалдау мерзiмi және мүлiктi жалдау ақысының айлық базалық мөлшерлемесiнiң мөлшерi;

####  г) кепілдік жарнаның мөлшері;

####  д) әлеуетті жалға алушыға және/немесе мүліктік жалдау кезіндегі әлеуетті жалға алушының қызметіне қойылатын талаптар (біліктілік талаптары);

####  е) жалға беруші ретінде әрекет ететін тұлға.