Пайдалану қағидалары
Соңғы редакция: 2022 жылғы 01 маусым
e-sauda.COM ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА-САТТЫҚ ПОРТАЛЫН
ПАЙДАЛАНУ ҚАҒИДАЛАРЫ
КІРІСПЕ
https://e-sauda.com орналасқан E-SAUDA электрондық сауда-саттық порталына қатыса отырып, сіз E-SAUDA порталын пайдалану ережелерін, сондай-ақ E-SAUDA аффилиирленген веб-сайттарын (https://e-sauda.com) пайдалану ережелерін сақтауға келісесіз.
1. НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
1.1. https://e-sauda.com мекенжайы бойынша орналасқан электрондық сауда-саттық порталы (бұдан әрі – Портал) – мүлікті сату және сатып алу бойынша қағазсыз рәсімдерді жүргізудің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін азаматтарға, заңды және жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге электрондық сауда сервистеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйе.
1.2. Пайдалану қағидалары – https://e-sauda.com мекенжайы бойынша орналасқан электрондық сауда-саттық порталын пайдалану шарттарын, қағидаларын белгілейтін осы құжат.
1.3. Тауар – сатуға қою үшін жоспарланған немесе сатуға қойылған, заңды немесе жеке тұлғаның, жеке кәсіпкердің кепіл және меншікті мүлкін өткізетін өнім, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер.
1.4. Электрондық сауда-саттық – жүргізілуі Портал функцияларымен қолжетімді тәсілдермен қамтамасыз етілетін тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сату және сатып алу рәсімі.
1.5. Электрондық сауда-саттық сервистері (бұдан әрі – ЭСС, Сервистер) – пайдаланушыларға тауарларды сату және сатып алу бойынша рәсімдерді электрондық түрде жүргізу үшін іс-қимылдар жүргізуге мүмкіндік беретін Портал функционалы.
1.6. Оператор (бұдан әрі – Оператор) – «E-SAUDA» ЖШС, Қазақстан Республикасының аумағында заңда белгіленген тәртіппен тіркелген, басқару, операторлық құқығы және оның жұмыс істеуі үшін қажетті бағдарламалық-аппараттық құралдары бар, берілген құқықтар мен осы Қағидалардың шарттарында Порталдың ЭСС-ға қолжетімділікті ұсынуға уәкілетті заңды тұлға.
1.7. Портал қатысушысы – жеке тұлға және/немесе заңды тұлға/жеке кәсіпкер, тауарлар мен мүлікті сатып алуды/сатуды жүзеге асыру үшін Порталда белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі.
1.8. Сатушы – Электрондық сервистер арқылы өз тауарларын/жұмыстарын/қызметтерін ұсыну үшін порталда белгіленген тәртіппен тіркелген, Порталда өткізілетін электрондық сауда-саттық барысында тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуге мүдделі жеке тұлға/заңды тұлға, жеке кәсіпкер.
1.9. Пайдаланушы – Порталда онда көзделген рөлдермен тіркелген және/немесе Портал қызметтерін пайдаланатын және Порталда электрондық сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша сатушымен шарт жасасуға үміткер кез келген жеке тұлға, заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің өкілі, жеке кәсіпкер.
1.10. Орындаушы/Сенімді тұлға – Порталда электрондық нысанда мүлікті сату туралы хабарландыруды жариялайтын жеке тұлға, сатушының уәкілетті өкілі.
1.11. Сатып алушы – Порталда жарияланған мүлікті қолжетімді тәсілдермен сатып алуға өтінімдер беруге құқығы бар Портал қатысушысы.
1.12. Аутентификаттау – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі – ҚР ҰКО) тіркеу куәлігі (сертификаты) арқылы пайдаланушының жеке басының түпнұсқалығын растау рәсімі.
1.13. Авторландыру – пайдаланушының Порталға немесе Порталдың функционалдық модуліне қол жеткізу құқығын беру рәсімі.
1.14. Жеке кабинет – пайдаланушыға берілген рөлге және қолжетімділік деңгейіне сәйкес ақпаратқа қолжетімділік алуға және Порталда әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін пайдаланушыға ұсынылатын жұмыс бөлімі, ол мына мекенжайда орналасқан: https://e-sauda.com.
1.15. Порталдың ашық бөлігі – жүйеде жұмыс істеу үшін тіркеуді, аккредиттеуді талап етпейтін және Интернет желісінің барлық пайдаланушылары үшін қолжетімді Порталдың жалпыға қолжетімді бөлігі.
1.16. Порталдың жабық бөлігі – Порталдың тіркелген, аккредиттелген пайдаланушыларына ғана қолжетімді Порталдың бір бөлігі.
1.17. Электрондық құжат – «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II Заңына сәйкес ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.
1.18. Электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өз қолымен қойған қолымен тең және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II Заңына сәйкес шарттар орындалған кезде бірдей заңдық салдарға әкеп соғады.
1.19. Электрондық көшірме – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат.
1.20. Ақпараттық материалдар – Порталда өткізілетін сауда-саттықтар, қатысушылар мен пайдаланушылар туралы барлық ақпарат, талқылау, хабарлама, мәтін, графикалық бейнелер, дизайн элементтері, бағдарламалық кодтар, бейнематериалдар, жарнамалық, анықтамалық және оператор мен қатысушылар Порталға орналастырған барлық түрдегі және нысандағы өзге де материалдар.
1.21. Жарнама, Жарнамалық материалдар – хабарландырулар, баннерлер, сондай-ақ Порталда орналастырылған, белгіленбеген тұлғалар тобына арналған және жарнамалау объектісіне назар аударуға, оған қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және оны нарықта ілгерілетуге бағытталған өзге нысандағы ақпарат.
1.22. Баннер – Порталда орналастырылған, жарнама берушінің сайтына гиперсілтемесі немесе қосымша ақпарат берілген беті бар жарнамалық сипаттағы графикалық кескін.
1.23. Жария профиль – Портал қатысушысы туралы, Порталға орналастырылған, Компанияның қосымша сипаттамасы, оның бірегей артықшылықтары мен жетістіктері, байланыс деректері, басқа да ақпараттық және/немесе жарнамалық ақпараты бар қатысушының сайтына гиперсілтемесі бар жария сипаттағы ақпарат.
1.24. Электрондық өтінім – әлеуетті сатып алушының тауарды сатып алуға өтінімін ұсыну сәтінде қалыптасатын электрондық құжат, оған әлеуетті сатып алушының ЭЦҚ-сы қойылуы мүмкін. Электрондық өтінім алдағы сауда-саттыққа қатысуға ниет пен толық келісімді, сондай-ақ Порталды пайдалану қағидаларына, сатушының электрондық сауда-саттығын жүргізу қағидалары мен нұсқаулығына келісімді растайтын нысан болып табылады.
1.25. Хабарландыру (сату туралы) – ресми хабарлама, оның ішінде тауардың/мүліктің түріне және сату тәсіліне қарай атрибуттар жиынтығын, сондай-ақ тауарды/мүлікті сату мерзімдерін қамтитын сату объектісі туралы ақпарат.
1.26. Порталдағы техникалық іркіліс – ең болмағанда бір қатысушының электрондық сауда-саттық рәсіміне қатысу мүмкідігін болдырмайтын және/немесе электрондық алаң операторының жұмыскерлеріне электрондық сауда-саттық жүргізуге қызмет көрсетуді орындаудың техникалық мүмкіндігін болдырмайтын Порталдағы техникалық ақаулар.
1.27. Порталдың анықтама орталығы – барлық қағидаларға, нұсқаулықтарға және Портал пайдаланушысының нұсқаулығына сілтемелерді қамтитын портал бөлімі, мына мекенжай бойынша орналасқан: https://e-sauda.com.
1.28. Абоненттік төлем – Қатысушы Операторға белгіленген уақыт кезеңі үшін алдын ала төлеммен төлейтін Портал қызметтерінің белгіленген көлемін пайдаланғаны үшін ақшалай қаражат.
1.29. Сервистік алым, абоненттік төлем – Портал қатысушысынан (сатушыдан және/немесе сатып алушыдан) Порталға қол жеткізуді ұсынуға арналған атаулы ерекше емес лицензияны және/немесе Портал қызметтерін пайдалану кезінде Портал операторы алатын қызметтер үшін ақшалай қаражат, оны оператор қызметті ұсыну сәтінде Порталдың қолданыстағы тарифтеріне сәйкес лицензияның және/немесе қызметтің әрбір түрі бойынша жеке айқындайды.
1.30. Комиссиялық алым – тауарды Портал сервистері арқылы өткізу/сату кезінде Портал операторы сатушыдан алатын қызметтер үшін ақшалай қаражат, қызметті ұсыну сәтінде Порталдың қолданыстағы тарифтеріне сәйкес анықталады.
1.31. Сыйақы – жасалған шартқа және/немесе жария офертаға сәйкес лицензияны және/немесе Порталдың қызметтерін пайдаланғаны үшін сатушының операторға төлеуіне жататын комиссиялық немесе сервистік алым.
1.32. Қатысушының/сатып алушының/сатушының жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректері – қатысушының/сатып алушының/сатушының келісімімен өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын дербес деректер (дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздері).
1.33. Дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздері – ақпараттық, жазбаша және өзге де көздер (оның ішінде өмірбаяндық анықтамалықтар, телефон, мекенжай кітаптары, жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар, бұқаралық ақпарат құралдары).
1.34. Қолжетімділігі шектеулі дербес деректер – Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолжетімділігі шектелген дербес деректер.
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1. Порталды пайдалану ережесі https://e-sauda.com мекенжайында орналасқан электрондық сауда-саттық порталын және e-SAUDA компаниясына тиесілі https://e-sauda.com веб-сайтына байланысты барлық тиісті сайттарға қатысты пайдалану шарттарын, ережелерін айқындайды.
2.2. Портал мен ЭСС пайдалана отырып, пайдаланушы мен пайдаланушы мүдделерін білдіретін қатысушы осы Қағидалармен, қосымшалармен және осы Қағидалардың ажырамас бөлігі болып табылатын сілтемелік қағидалармен сөзсіз келіседі.
2.3. Осы Қағидалар электрондық сауда-саттықты және Портал арқылы жүргізілетін операцияларды жүзеге асыру процесінде Портал қатысушылары, оператор арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
2.4. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.
2.5. Қағидалар электрондық қызметтерді ұсыну саясатын, сондай-ақ Порталдың жұмыс істеуінің негізгі қағидаттарын айқындайды. Жұмыс істеуі бойынша егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар https://e-sauda.com мекенжайы бойынша орналасқан Порталдың анықтама орталығының тиісті бөлімдерінде қосымша көрсетілген.
3. ПОРТАЛ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ТІРКЕУ
3.1. Хабарландыру бойынша толық ақпаратқа қол жеткізу және электрондық сауда-саттыққа қатысу үшін әрбір пайдаланушы Порталда тіркелу рәсімінен өтуге міндетті.
3.2. Портал пайдаланушылары мен қатысушылары Порталда ұсынылған өзі туралы мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және өзектілігі үшін жауап береді.
3.3. Порталда тіркелу үшін пайдаланушы «ЭЦҚ-мен тіркеу» опциясын таңдап, ҰКО сертификаты арқылы аутентификаттау рәсімінен өтуі тиіс.
3.4. Электрондық сауда-саттыққа қатысу үшін пайдаланушылар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген заңды немесе жеке тұлғаның сәйкестендіру сертификатының көмегімен Порталда тіркелуі және авторлануы тиіс. ЭЦҚ-сыз тіркелген пайдаланушылар электрондық аукциондарға қатыса алмайды.
3.5. Порталға кіру құпиясөзін пайдаланушы тіркеу рәсімінен өткен кезде дербес белгілейді және ол берілмейтін құпия және пайдаланушының өзі қорғайтын ақпарат болып табылады.
3.6. Порталда жұмыс істеу үшін әрбір пайдаланушы пайдалану қағидаларымен, пайдалану шарттарымен толық келісетінін растайды.
3.7. Портал пайдаланушысы мен қатысушысын тіркеу бойынша толық нұсқаулық келесі мекенжай бойынша анықтамалық орталықта орналасқан: https://e-sauda.com.
4. ПОРТАЛ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ МЕН ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
4.1. Қатысушылар Порталда жасалған іс-әрекеттер үшін толық дербес жауапты болады және Порталда жасалған іс-әрекеттерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті түрде ресімделген өкілеттіктерге ие болады.
4.2. Қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз ашқаны үшін жауапты болады және құпия ақпаратты қорғау бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
4.3. Қатысушылар порталда жарияланатын ақпараттың мазмұны мен өзектілігі үшін дербес толық жауапты болады.
4.4. Қатысушылар оператордың алдын ала жазбаша рұқсатынсыз Порталда қамтылған кез келген ақпаратты (пайдаланушының өзі ұсынған мәліметтерден басқа) заңсыз көшіргені, қайта шығарғаны, өзгерткені, таратқаны және жұртшылыққа бергені үшін тиісті жауаптылықта болады.
4.5. Порталға қатысушылар https://e-sauda.com мекенжайында жарияланған қолданыстағы тарифтерге сәйкес Оператор алдындағы міндеттемелерді төлеуге жауапты.
5. ПОРТАЛДА ЭЛЕКТРОНДЫ САУДА-САТТЫҚТАР ӨТКІЗУ
5.1. Сатушылар Порталда қолжетімді тәсілдермен хабарландырулар орналастыруға және электрондық сауда-саттық жүргізуге құқылы. Хабарландыруды жариялау және сауда-саттық өткізудің толық ережелері мына мекенжайда жарияланған: https://e-sauda.com және осы Қағидалардың ажырамас бөлігі болып табылады.
5.2. Хабарландыруды орналастыру кезінде сатушы автоматты түрде хабарландыруды жариялау және сауда-саттықты өткізу қағидаларымен келіседі және оларды сақтауға міндетті.
5.3. Порталда хабарландыруды орналастыра отырып, сатушы кепілдік жарнаны қайтару, мүлікті (егер көрсетілсе) жеткізу және жарамсыз тауарды немесе сипаттамаға сәйкес келмейтін тауарды (егер көрсетілсе) қайтару бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, хабарландыру карточкасында көрсетілген шарттарда объектіні сату ниетіне кепілдік береді. Сатушы өзі хабарландыруда сипатталған шарттарды сақтамағаны үшін толық жауап береді.
5.4. Сатушы мүлікті сату мәртебесін өзектендіруге, сондай-ақ операторға объектінің мәртебесі, оның сипаттамалары туралы өзекті, сенімді ақпарат және сатуды тиімді насихаттау және жылжыту үшін қажетті басқа да қосымша ақпарат беру үшін жауапкершілік алады.
5.5. Аукционға қатысу https://e-sauda.com мекенжайында жарияланған Аукционға қатысу қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
5.6. Оператор Портал қатысушылары немесе оның тарапы арасындағы мәмілені ұйымдастырушы/бастамашы болып табылмайды, сатып алушыны немесе сатушыны қандай да бір тауарды/жұмысты/көрсетілетін қызметті сатып алуды/сатуды жүзеге асыруға шақырмайды. Портал сауда-коммуникациялық платформа болып табылады, ол қатысушылар мен пайдаланушыларға осы Қағидаларда көрсетілген тәртіппен және шарттарда заңда рұқсат етілген тауарларды/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді өткізу, сату және сатып алу үшін орналастыруға мүмкіндік береді.
6. ТАУАРЛАР САТУ ЖӘНЕ САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫ
6.1. Егер сатып алушы электрондық өтінім берсе, бұл әрекет хабарландыруда сипатталған сатушы көрсеткен шарттарда сатып алушының тауарды сатып алу ниетін хабарлай отырып, сөзсіз келісім деп танылады және есептеледі.
6.2. Тауарлар мен мүлікті сату ережелері мен құралдары https://e-sauda.com сілтемесі бойынша орналасқан авторландырылған сатушыларға қолжетімді тиісті.
6.3. Сатушы кепілдік жарналарды, егер олар енгізілген болса, сатылғаннан кейін 20 жұмыс күні ішінде ұтпаған жағдайда, егер сатушы өзгеше келіспесе, оларды барлық сауда-саттыққа қатысушыларға қайтаруға міндеттенеді.
6.4. Сатушы үшін сатудың және сатып алушы үшін мүлікті сатып алудың толық қағидаларын Порталдың анықтама орталығынан таба аласыз.
7. ЖАУАПКЕРШІЛІК, ОПЕРАТОРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ШЕКТЕУ
7.1. Осы Қағидаларда өзгеше тікелей көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағидаларды бұзу нәтижесінде өздері немесе олардың уәкілетті өкілдері келтірген залал үшін дербес жауапты болады.
7.2. Оператор сатушыда немесе сатып алушыда Порталды пайдалануға байланысты туындайтын қандай да бір залалдар (кез келген түрдегі) үшін жауапты болмайды.
7.3. Тауардың/жұмыстың/қызметтің сапасы, қауіпсіздігі, заңдылығы және олардың сипаттамасына сәйкестігі, сондай-ақ сатушы мен сатып алушының тауарды/жұмысты/қызметті сату немесе сатып алу мүмкіндігі оператордың бақылауынан тыс.
7.4. Оператор Порталға қатысушылар арасындағы мәміленің заңдылығы мен аяқталуы үшін жауапты болмайды. Қатысушы өз әрекеттері үшін толық жауапкершілікті өзіне алады.
7.5. Оператор форс-мажор, салдарларын болдырмау немесе еңсеру мүмкін болмайтын еңсерілмейтін күштің күтпеген жағдайлары, яғни осы жағдайларда төтенше және болмай қоймайтын мән-жайлар (табиғи құбылыстарды, әскери іс-қимылдарды, билік органдарының шешімдерін, жазатайым оқиғаларды, коммуникациялардың жалпы жүйесіндегі үзілістерді және т.б. қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) туындаған жағдайда Порталға қол жеткізуді ұсыну жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны немесе орындауда туындаған қиындықтар үшін жауапты болмайды.
7.6. Оператор қандай да бір Портал қатысушысында қандай да бір Порталда жұмыс істеу үшін қажетті сәйкес келмейтін аппараттық-техникалық кешеннің болуы себебінен Порталға қатысушы және/немесе Порталға қатысушы ұсынатын ұйым келтірген қандай да бір залал, шығын және өзге де шығындар үшін жауапты болмайды:
- Портал қатысушысында Порталдағы жұмыс үшін талаптарды қанағаттандыратын бағдарламалық-аппараттық мүмкіндіктердің қажетті жиынтығы бар компьютерлік техниканың болмауы.
- Портал қатысушысына Порталда толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін, Портал қатысушысына компьютерлік техникада қамтылған бағдарламалық-аппараттық шектеулер мен баптаулардың болуы.
- Қатысушының компьютерлік техникасының вирустармен залалдануы себебінен Портал қатысушысы жұмысының мүмкін еместігі (бұл жағдайда Портал компьютерлік вирустармен залалданған қатысушының компьютерлерінен ешқандай ақпаратты жібермейді).
- Желілік жүйелер жұмысындағы кемшіліктер мен Портал қатысушысы мүддесін білдіретін ұйымға техникалық сүйемелдеу бөлімі енгізген шектеулер, сондай-ақ қатысушы ұйымындағы техникалық сүйемелдеу бөлімінің аппараттық-бағдарламалық кешені жұмысындағы олқылықтар, бұл Портал қатысушысының интернет желісінен регламенттелмеген және болжанбаған уақытша ажыратылуына әкеп соқты және қатысушыға Порталда толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді.
- Желілік жүйелер жұмысындағы кемшіліктер және интернет-провайдер Портал қатысушысының ұйымына енгізген шектеулер, сондай-ақ Портал қатысушысының Интернет-провайдеріндегі аппараттық-техникалық кешен жұмысындағы іркілістер, бұл Портал қатысушысының интернет желісінен регламенттелмеген және күтпеген уақытша ажыратуларға әкеп соқты және қатысушыға порталда толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді.
- Портал қатысушысының лицензияланбаған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануы, бұл Портал қатысушысының интернет желісінен реттелмейтін күтпеген уақытша ажыратуларына әкеп соқты және Портал қатысушысына Порталда толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді.
8. ОПЕРАТОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
8.1. Оператор мыналарға құқылы:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын, https://e-sauda.com мекенжайы бойынша Порталдың анықтама орталығында тиісті бөлімінде жарияланған осы Порталды пайдалану қағидаларын басшылыққа ала отырып және Портал қатысушысының шартында көрсетілген тарифтерге сәйкес тегін қызметтер көрсетуге;
- Оператор қатысушыларға Портал мен сервистерді «сол күйінде» және Порталдың қарастырылған рөлдері ретінде Пайдалану қағидаларына сәйкес пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге құқылы;
- Жасалған шарт талаптарына және/немесе жария офертаға және қаргі уақытта қолданыстағы Портал (https://e-sauda.com) тарифтеріне сәйкес және оның шарттарымен Қатысушыдан/Сатып алушыдан/ Сатушыдан абоненттік қызмет көрсету үшін алым, комиссиялық және басқа да алымдар алуға;
- Қатысушыларды электрондық сауда-саттық арқылы мәмілелер жасау үшін тимді механизмдермен қамтамасыз ету мақсатында Портал рәсімдерін өз қалауынша үнемі жетілдіріп отыруға;
- Қатысушы қажетті ақпаратты бермеген немесе дұрыс бермегені, сондай-ақ Қатысушының осы Қағидалардың шарттарын бұзғаны анықталған жағдайда қызметтер көрсетуден бас тартуға және/немесе қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға;
- қосымша ақылы техникалық қолдауды және https://e-sauda.com мекенжайы бойынша жарияланған Техникалық қолдау қызметіне өтініш беру регламентіне сәйкес және Портал қатысушысымен жасалған шарттық қатынастар негізінде Қатысушыларды техникалық қолдауды қамтамасыз етуге;
- Портал қатысушысынан сұрау салу бойынша қызметтер көрсету үшін қажетті ақпарат алуға;
- тіркеу кезінде Портал қатысушысы ұсынған мәліметтердің дұрыстығына күмән туындаған жағдайда және дұрыс емес екені анықталған жағдайда Портал қатысушысына Портал қызметтері мен Порталға қолжетімділікке тосқауыл қою үшін тексеру іс-шараларын жүргізуге;
- электрондық сауда-саттық порталында өткізілетін тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде Порталды пайдалану қағидаларына сәйкес шешім қабылдау және әрекет етуге;
- егер Қатысушының әрекеттері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және/немесе Порталды пайдалану қағидаларына қайшы келсе, оның Портал қызметтеріне қолжетімділігін бұғаттауға;
- Портал ақпаратына ие болуға берілетін айрықша құқық;
- Порталда техникалық жұмыстар туралы алдын ала хабарлай отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіру мақсатында Портал қызметін тоқтата отырып, жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге;
- Порталды пайдалану қағидаларын бір жақты тәртіпте, осындай өзгерістерді бекіту және оларды https://e-sauda.com сілтемесі бойынша Порталға орналастыру жолымен өзгерту және толықтыруға құқылы. Өзгерістер Порталда жарияланған сәттен бастап күшіне енеді;
- ЭСС ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін үшінші тұлғаларды тарту және үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдалануға;
- әкімшінің ескертпелерін, хабарламаларын және басқа да ақпараттық материалдарды жіберуге құқылы. Кейбір жағдайларда оларды алудан бас тартылуы мүмкін;
- Порталдың ЭСС пайдалану кезінде барлық іс-қимылдарды логтауды және жіберілетін ақпаратты сақтауды жүргізуге;
- Портал қатысушысы осы Қағидалардың қандай да бір тармағын бұзған жағдайда Портал мен оның сервистеріне қолжетімділікті тоқтата тұру немесе толық жабуға;
- Порталда жаңа сервистерді дамыту және енгізуге, сервистердің функционалдығына өзгерістер енгізуге/жоюға;
- осы Қағидалар мен оның қосымшаларына сәйкес сервистерге қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну бойынша шоттар, актілер қою және көрсетілген қызметтер үшін ақы талап етуге;
- осы Қағидаларға және оның қосымшаларына сәйкес Портал қатысушыларына айыппұл және басқа да санкциялар салуға;
- сауда-саттықты жалғастырудың мүмкін еместігіне әкеп соқтыратын Порталдың ақауы болған жағдайда, техникалық үзіліс жариялауға және ақаулар жойылғанға дейін сауда-саттықты тоқтата тұруға;
-
Порталда өткізілетін сауда-саттыққа қатысуына қарамастан, Қағидаларды өрескел бұзған Портал қатысушысын шеттетуге құқылы.
9. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
9.1. Порталдың барлық ақпараттық материалдары, мәтін, графика, пайдаланушы интерфейстері, визуалды интерфейстер, фотосуреттер, тауар таңбаларының атаулары, логотиптер, дыбыстар, музыка, суреттер және бағдарламалық кодтар, соның ішінде дизайн, құрылым, таңдау, үйлестіру, сыртқы келбеті, жалпы стилі және Порталдың ақпараттық материалдарының орналасуы ерекше құқықтардың объектілері болып табылады және ҚР Азаматтық заңнамасымен, патенттік заңмен, тауар таңбалары, авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнамалармен қорғалады, электрондық сауда қағидаларымен, бәсекелестік және кәсіпкерлік туралы заңдармен реттеледі.
9.2. Осы Қағидаларда нақты көрсетілген жағдайлардан басқа, порталдың және порталдың ақпараттық материалдарының ешбір бөлігін Оператордың немесе құқық иеленушінің жазбаша келісімінсіз кез-келген басқа компьютерге, серверге, веб-сайтқа немесе кез-келген басқа ортаға жариялау, тарату немесе коммерциялық ұсыныс үшін алдын-ала анық көрсетілмей-ақ көшіруге, көбейтуге, жариялауға, Интернетте орналастыруға, пошта арқылы жіберуге, көпшілікке көрсетуге, кодтауға, аударуға, беруге немесе таратуға («қайталауды» қоса алғанда) болмайды.
9.3. Портал қатысушылары және оны пайдаланушылар Портал мен оның сервистерін ерекше емес пайдалану құқығы және Порталмен жұмыс шеңберінде оның бағдарламалық қамтылымын пайдалануға қайта беруге жатпайтын негізде ғана пайдаланады.
9.4. Бұл айрықша емес құқық қарапайым пайдаланушылық (атаулы) берілмейтін лицензия шарттарында беріледі және осы Қағидаларға сәйкес Порталды «сол қалпы және ұсынылған күйінде» пайдалануға мүмкіндік береді.
9.5. Бұл құқық Порталдың және оған жататын бағдарламалық қамтамасыз етудің қандай да бір элементтерін көшіруді, өзгертуді, таратуды, сатуды немесе жалға беруді, кері әзірлеуді жүзеге асыруды және заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда немесе оператордан және/немесе құқық иеленушілерден жазбаша рұқсат болған кезде осы бағдарламалық қамтамасыз етудің бастапқы кодын алуға тырысуды көздемейді және оған тыйым салады.
9.6. Пайдаланушы лицензияларын Портал қатысушысы осы Қағидалардың негізінде Портал қатысушысының шартына немесе электрондық сервистерге (https://e-sauda.com) қол жеткізу бойынша қызметтерді ұсыну туралы жария офертаға және/немесе оператормен/құқық иеленушімен жасалған шарттық қатынастарға сәйкес айқындалған санда сатып алады.
10. ӨЗГЕ ШАРТТАР
10.1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Осы Келісіммен реттелмеген мәселелер қолданыстағы заңдарға сәйкес шешілуге тиіс. Осы Қағидалармен реттелетін қатынастардан туындайтын барлық ықтимал даулар заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының құқық нормалары бойынша шешіледі.
10.2. Егер оператор қатысушы немесе пайдаланушы келіспейтін осы Қағидалардың 10.1-тармағында көзделген тәртіппен осы Қағидаларға қандай да бір өзгерістер енгізген жағдайда, онда ол Портал сервистерін пайдалануды тоқтатуға міндетті. Порталды пайдалануды тоқтатпау фактісі Қатысушының немесе Пайдаланушының Қағидалардың тиісті редакциясымен келісімін растау болып табылады.
10.3. Осы Қағидалардың мәтіні бойынша барлық жерде, егер анық өзгеше көрсетілмесе, «заңнама» термині деп Қазақстан Республикасының заңнамасы түсініледі.
11. ҚАҒИДАЛАРДЫ БЕКІТУ КҮНІ
11.1. Қағидалар бекітілген күні: 2022 жылғы 01 маусым.
No Comments