# Аукцион нәтижелерін тіркеу

#### Нәтижелердің хаттамасы аукцион аяқталғаннан кейін автоматты түрде жасалады. Хабарландыру бетіндегі «Нәтижелер хаттамасы» сілтемесін басу арқылы онымен танысуға болады.

#### Аукционның әрбір сатылған объектісі бойынша аукцион нәтижелері Сауда порталында ЭСҚ арқылы Сатушы/Сенім білдірілген тұлға және жеңімпаз қол қоятын нәтижелер хаттамасымен ресімделеді.

#### Нәтижелердің хаттамасы аукционның нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының аукцион объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою жөніндегі міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

#### Аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы Аукцион объектісін сатып алу бағасына есептеледі.

#### Аукционның басқа қатысушылары, оның ішінде аукционға қатысуға өтінімдерді қайтарып алғандар төлеген кепілдік жарналар өтінімде көрсетілген банк шотына қайтарылады.

#### Кепілдік жарна келесі жағдайларда оны жасаған тұлғаларға қайтарылмайды:

- #### егер сатып алушы белгіленген мерзімдерде аукцион нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаса;
- #### нәтижелер туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ол аукцион Объектісін сатып алу құнын төлемеген жағдайда;
- #### егер сатып алушы Аукцион аяқталғаннан кейін 3 (үш) күн ішінде Қағидаларға сәйкес сатып алу-сату шартына қол қоймаса;
- #### егер сатып алушының аукционға қатысу құқығы жоқ екені анықталса.