Аукцион нәтижелерін тіркеу

Нәтижелердің хаттамасы аукцион аяқталғаннан кейін автоматты түрде жасалады. Хабарландыру бетіндегі «Нәтижелер хаттамасы» сілтемесін басу арқылы онымен танысуға болады.

Аукционның әрбір сатылған объектісі бойынша аукцион нәтижелері Сауда порталында ЭСҚ арқылы Сатушы/Сенім білдірілген тұлға және жеңімпаз қол қоятын нәтижелер хаттамасымен ресімделеді.

Нәтижелердің хаттамасы аукционның нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының аукцион объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою жөніндегі міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

Аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы Аукцион объектісін сатып алу бағасына есептеледі.

Аукционның басқа қатысушылары, оның ішінде аукционға қатысуға өтінімдерді қайтарып алғандар төлеген кепілдік жарналар өтінімде көрсетілген банк шотына қайтарылады.

Кепілдік жарна келесі жағдайларда оны жасаған тұлғаларға қайтарылмайды:


Revision #1
Created 12 May 2022 05:50:31 by Меруерт
Updated 12 May 2022 06:14:34 by Меруерт